Алматыда қай жерде үй жануарларын тегін ұрықсыздандыруға болады
«Алматы қаласында иесіз жануарлардың санын гуманистік реттеудің 2021-2024 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жыл соңына 9 мыңға жуық ит-мысықты қамтитын бағдарлама басталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
7 айдан 9 жасқа дейінгі ит-мысық ұрықсыздандырылса, 6 айдан 9 жасқа дейінгі еркек ит-мысықтар піштіріледі.
Бұл қызметке алдын ала тексеру, премедикация, ота, стационарлық бақылау және отадан кейінгі бақылау кіреді.
Бағдарламаға қатысу үшін ветеринарлық төлқұжат пен микрочип болуы қажет. Егер болмаса, клиникадан қосымша ақыға сатып алуға болады.
Ветеринариялық клиникалар туралы қосымша ақпарат келісімшарттың жасалуына қарай ұсынылады.