Алматыда гонконг тұмауымен ауырған 232 адам тіркелді

Алматыда ЖРВИ мен ауырған 16 622 адам тіркелді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Эпидемиологиялық маусымның қараша айының басынан бастап А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді, барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық. Өткен 8 аптада ЖРВИ-ның 16 622 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 745,52 адам,- дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысы Қасымхан Алпысбайұлы.

ПІКІР ЖАЗУ