Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда бір сағат ішінде екі рет жер сілкінді

Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматының оңтүстік-шығысында кезекті дүмпулерді тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

4,9 және 5,3 балдық жер сілкінісі 3 ақпан күні сағат 19:26 және 19:44-те болды.

Алғашқы жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 19:26:24-те болды, алматылықтар оны сезбеген.

Жер сілкінісінің ошағы Қытайдың Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 274 шақырым жерде орналасқан. Сейсмологтар оның афтер дүмпу екенін байқады. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11,1. Магнитудасы MPV 4.9. Жер сілкінісінің координаталары солтүстік-батыс бойынша 41,07°. 78,57° шығыс, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы.

Екінші дүмпу Астана уақыты бойынша 19:44:34-те болды. Жер сілкінісінің ошағы алдыңғыдағыдай. Бұл дүмпудің магнитудасы одан көбірек болған – 5,3, бірақ ол Қазақстан аумағында сезілмеді.

Еске салсақ, бұған дейін сейсмологтар магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісін тіркеген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістанда үздік нәтиже көрсеткен полицейлер марапатталды

admin

Түркістан қаласына сағатына 80 000 м3/ табиғи газ келіп тұр

admin

Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі тай боксынан CISM әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

admin