Алматыда автобус апатына қатысты сот отырысы өтіп жатыр

 Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысын тікелей эфирден көруге болады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Естеріңізге салсақ, сотталушы А. 47-бағыттағы автобустың әйел жүргізушісін ұрып-соққан, соның салдарынан жүргізуші есінен танып қалып, аялдамада тұрған адамдарды басып, апат салдарынан үш адам қаза тапқан болатын.

Сот отырысына қоғамның қызығушылығын ескеріп, сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Сот процесінің онлайн-трансляциясы Жоғарғы Соттың YouTube-арнасында көрсетіліп жатыр. Сотталушы А.-ға қатысты бұзақылық жасау, сондай-ақ екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан көліктің қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін ережелерін бұзу туралы (ҚР ҚК 293-бабының, 1-бөлігі, 351-бабының 3-бөлігі) қылмыстық іс бойынша сот отырысы өтіп жатыр, – делінген Жоғарғы сот таратқан ақпаратта.

Еске салайық, 22 желтоқсан күні кешкісін 47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жүргізуші әйелді ұрып жіберген. Салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақаттарын алды.

ПІКІР ЖАЗУ