Алматыда 8 наурыз қарсаңында митинг өтеді
Қаладағы М.Ганди саябағында «Әйелдердің лайықты өмірі үшін» тақырыбында митинг өткізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы ақпаратты қоғам белсендісі Бибинур Шералиева өзінің әлеуметтік желісінде жариялады.
Біз Алматы қаласының әкімдігіне 7 наурыз күні М.Ганди саябағында «Әйелдердің лайықты өмірі үшін. За достойную жизнь женщин!» тақырыбында митинг өткізуге хабарлама берген болатынбыз. Біздің берген хабарламаға әкімдік тарапынан митинг өткізуге рұқсат берілді деген жауап алдық. Митинг барысында қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері көтеріледі. Сонымен қатар әйелдердің лайықты өмірі үшін қажетті талаптар айтылады, – дейді Бибинур Шералиева.
Митинг 7 наурыз күні сағат 12:00 кезінде Махатма Ганди саябағында өтеді.