Алматыда 233 адамнан коронавирус анықталды

 Жыл басынан бері қалада коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның 14%-ы 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді. 

Жыл басынан бері коронавирустық инфекция жұқтырған 233 адам анықталды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында – 30 жағдай, жасөспірімдер арасында – 6 жағдай, ересектер арасында – 197 жағдай тіркелді. 18 ақпанға дейін КВИ мен ауырғандардың  ішінде кәсібі бойынша жұқтарғандар: 27,9% – жұмыссыздар, 15,0% – әртүрлі ЖШС – де жұмыс істейтіндер, 11,6% – мектеп жасына дейінгі балалар, 27,5% – зейнеткерлер, 3,9% – студенттер, – дейді Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

ПІКІР ЖАЗУ