Алматы саябағында жаңа жыл алдындағы ерекше іс-шара өтті

22 желтоқсан күні Алматыда Mini Marathon.kz жаңа жылдық костюмді жүгіру жарысы өткізілді. Іс-шараға керемет орын – қаланың ең әдемі саябақтарының бірі Тұңғыш Президент атындағы саябағы таңдалып, алаңды дайындауға Алматы әкімдігі көмектесті. Балалар мен ересектер, отбасылар мен командалар символикалық 2025 м қашықтықты жүгіріп өтіп, Жаңа жылды денсаулығымды күтемін деген уәделермен ғана емес, сондай-ақ нақты іспен қарсы алып жатыр! Сөре сызығына 600 адам шықты, соның ішінде Meirim оңалту орталығының 85 тәрбиеленуші баласы да қатысқан.

Ең әдемі саябақтағы қысқы ертегі – күн көзіне жылт-жылт еткен қар, шуақты күн, күлімсіреген шат көңілді адамдар – бұл жүгіру туралы салауатты идеясының айналасында көптеген адамдарды төртінші рет жинап отырған қаланың ерекше мерекесі!

Старттың барлық қатысушылары естен кетпес эмоциялар және Miniso, Nestle, Urban Nomad СО, Коne, “Ой-Қарағай”, Rika-Shop, Umbro, Nazik, A’SU, Beta Tea, “Золотое кольцо”, Dardanel, Kinopark Theaters секілді демеушілер мен меценаттар ұсынған көптеген сыйлықтарға ие болды. Балалар және ересектер жеке санаттарының ең жасампаз қатысушыларына үздік костюмдері үшін ерекше сыйлықтар тарту етілді.

Ал отбасылар мен командалар арасында жаңа жылдық бейнелерді жасауда “Rika-Shop”, “Runенные”, “Миньоны Kids”, “Папа сказал бежать» атты топтар ең шығармашыл болып танылды және олар да керемет сыйлықтармен марапатталды.

Ұйымдастырушылар – Mini Marathon.kz командасы – оның жазғы және күзгі старттарын қадағалауға шақырады және алда көптеген қызықты жүгіру жарыстарының болатынына уәде береді!

ПІКІР ЖАЗУ