Алматы облысында су тасқыны кезіңіне дайындық басталды

Алматы облысы ТЖД ТЖ алдын алу басқармасының бастығы Дәурен Азаматов облыс әкімінің қаулысына сәйкес 19 ақпаннан бастап өңірде су тасқыны кезеңіне жоғары дайындық режимі басталғаны туралы өңірілік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында айтты.

Бүгінгі таңда елді мекендерден 3,1 мың м3 қар шығарылған. Сонымен қатар, 154,8 шақырым арық желілері, 48,2 шақырым каналдар, 87 бірлік автожол және 7 бірлік темір жол астындағы су өткізу және 27,2 шақырым су бұру каналдары қазылды. Өз баяндамасында Дәурен Азаматов су тасқыны қаупі бар 27 елді мекен бар екенін, 7-і елді мекенде қауіп толығымен жойылып, 20 нысанда қауіп азайтылғанын атап өтті.

Көктемгі кезеңдегі ТЖ салдарын жою үшін облыс аумағында жеке құрамның 1326 астам адамы , 471 бірлік техника, 29 жүзу құралы және 120 мотопомпа техникасы жұмылдырылған. Спикердің айтуынша, Еңбекші қазақ, Талғар, Кеген және Қарасай аудандарының 12 елді мекендерінде жергілікті және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы 88 су өткізу құбыры ауыстырылып, 435 шақырым арық-канал жүйесі қайта жаңартылған.

«Профилактикалық мақсатта аумақтық ТЖД-нің аудандық бөлімшелері 123 елді-мекенді қамти отырып, 92 рейд жүргізді. Бұдан бөлек «Көктем-2024» оқу-жаттығу барысында бес су тасқыны қаупі бар 1,8 шақырым арықтар мен каналдар, 73 автожолдар астындағы су өткізу құбырлары тазартылды.Нәтижесінде су тасқыны қаупі барынша азайды»,-дейді Дәурен Азаматов.

Еске салайық, су басқан жағдайда құтқару қызметі “112” нөмірі бойынша хабарласу қажет!

ПІКІР ЖАЗУ