Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза болды
Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында атыс болып, үш адам жараланды. Зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш адам Ұзынағаш ауруханасына оқ жарақатымен түскен. Біреуі реанимация бөлімінде көз жұмған.
Ақпаратқа қарағанда, полиция “Тосқауыл” жоспарын жариялаған. Полицияның хабарлауынша, жергілікті тұрғындар бір-бірімен төбелесіп, қару қолданған.