Алматы метросы қашан қайтадан жүре бастайды
Алматы метрополитені жолаушыларға арнап мәлімет таратты.
Метро баспасөз қызметінің мәліметінше, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мамандар метро тоннельдерінде тексеру жұмысын жүргізеді.
«Осы орайда Алматы метрополитені ТЖД жұмыс орындарына оралуға рұқсат еткеннен кейін шамамен үш сағат көлемінде қайта іске қосылады. Қазіргі кезде метро аумағында ешқандай зақым байқалған жоқ, жолаушылар сыртқа шығарылды. Қосымша ақпарат ТЖД берген нұсқамаға сәйкес тағы жарияланады» деп хабарлады метрополитен.
Таңертең жер сілкінісінен соң метро бірден тоқтаған болатын.
Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.
Алматы әкімдігі бүкіл жиналу пунктілері ашық екенін мәлімдеді.
Полиция күшейтілген режимге ауысып, Алматы әуежайы қалыпты жұмыс істеп тұр.
ТЖМ жедел желіні іске қосты.
Алматы ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін ескертті.