Алматы халықаралық әуежайының жұмысы қайта жандана бастады

 Алматы әуежайында жағдай тұрақталып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әуежайдың баспасөз қызметінің мәліметінше, әуежай ұшып келетін рейстерді қабылдауды жалғастыра бастады.

Ұшу-кету рейстеріне қатысты жағдай әлі де өзгеріссіз, жауын-шашын қарқынының төмендеуін күтеміз, – деп хабарлады әуежайдан.

Айта кетейік, Алматы әуежайы қар жаууына байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Әуежайдың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты көктайғаққа қарсы жұмыстарды жүргізу уақытша мүмкін емес болған.

Сондықтан жергілікті уақыт бойынша сағат 19.00-ден бастап Алматы әуежайы рейстердің ұшып келуі үшін жабылған.

ПІКІР ЖАЗУ