Ақсукент-Аққала-Сарқырама бағытында қоғамдық көлік өз жұмысын бастады

Ақсукент-аққала-сарқырама бағытында қоғамдық көлік өз жұмысын бастады

Ақсукент-Аққала-Сарқырама бағытында қоғамдық көлік тамыз айының 29 жұлдызынан бастап өз жұмысын бастады. Сайрам ауданының тиісті басқармаларымен бірлесіп жұмыстар жүргізілді. Ақсукент-Сарқырама бағытында қоғамдық көлік 170 теңге , ал Ақсукент-Аққала бағытында 130 теңге болып бекітілді. Қоғамдық көлік арақашықтығы 40 минут сайын жүретін болып, жол жүру сызбалары бекітілді.

Сонымен қатар Мәдени-Қарамұрт-Шымкент бағытында қоғамдық көлік жүргізу жұмыстары облыстық тиісті басқармамен бірлесіп шешімін табатын болады.

Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты

ПІКІР ЖАЗУ