АҚШ пен Қытай арасында соғыс басталуы мүмкін

АҚШ президенті Дональд Трамп бастаған тарифтік соғыс екі ел арасындағы толыққанды әскери қақтығысқа алып келуі мүмкін. Бұл туралы Defense Priorities сараптамалық орталығының ғылыми қызметкері және халықаралық қатынастар профессоры Эндрю Летем мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ.

Сент-Пол қаласындағы Макалестер колледжінің профессоры Летемнің айтуынша, тарихта осындай оқиғалар болған. Ол 1941 жылғы жағдайды мысал ретінде келтіреді: сол кезде АҚШ Жапонияға күшті экономикалық қысым жасап, стратегиялық тауарларға қол жеткізу мүмкіндігін шектеген. Токио бұл әрекетті “империялық амбицияларымызға берілген өлім үкімі” деп қабылдады. Соның салдарынан Перл-Харбор шабуылы болды.

Летемнің айтуынша, Трамп пен Байден әкімшіліктері Қытайға қарсы сауда шектеулері, экспорттық бақылаулар мен технологиялық тыйымдар енгізу арқылы қысымды үнемі күшейтті.

Бұның АҚШ пен Қытай үшін өте ауыр салдары болуы мүмкін. Бұл соғыс міндетті түрде болады деген сөз емес. Бірақ біз енді бұрынғыдай өзара экономикалық тәуелділік пен сабырлы шешімдерге негізделген әлемде өмір сүріп жатқан жоқпыз, — деді сарапшы.

ПІКІР ЖАЗУ