Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ақсақалға президенттің хаты тапсырылды

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Мақтаарал ауданының тұрғыны, қазыналы қария, еңбек ардагері Әбдіғаппар Сыбанбаевты қабылдады. Кездесуде ақсақал облыста атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ақ батасын берді.

Бұған дейін мақтааралдық ақсақал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған болатын. Президент тұрғынның ықыласын қабыл алып, жауап хат жазған. Аталған хатты облыс әкімі Әбдіғаппар ақсақалға тапсырды. Сонымен бірге өңірді дамыту жұмыстары туралы баяндап, ел ағасына құрмет көрсетті.

Әбдіғаппар Сыбанбаев – еңбек ардагері. Ауыл шаруашылығы саласында еңбек еткен. 10 перзенттің әкесі. Бүгінде перзенттерінен 36 немере, 24 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы шара өтті

admin

Boy’s head impaled by meat skewer after fall

admin_bainews

ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛДАН КҮЗ-ҚЫС МАУСЫМЫ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ БЕЛГІЛЕНДІ

admin