Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Ақордада бірқатар ауыс-түйіс болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі және Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды. 

Ал Мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Осыған қоса Күнсұлу Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.

Сәйкес жаңалықтар

Сақшылар жастардың қауіпсіздігіне баса назар аударды

admin

Түркістан: Шардара ауданының мәдениет күндері өз мәресіне жетті

admin

«Халқын тонаған клептократтар». Ағылшын парламентінде Қазақстанды талқылап, 28 адамды атады

admin