«Әкімшілік талап қоюды қайтарудағы басты мәселелер» тақырыбында семинар өтті
Кентау қалалық сотының судьясы Курамысов қала прокурорының, Заң кеңсесінің адвокаттары арасында «Әкімшілік талап қоюды қайтарудағы басты мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.
2021 жылдың 1 шілдесінен бастап әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс қолданысқа еніп, елімізде мамандандырылған әкімшілік соттар жұмыс істей бастады.
Сот (судья) мынадай негіздер бойынша талап қоюды қайтару туралы ұйғарым шығарады:
1) талап қоюшы осы санаттағы істер үшін заңда белгіленген дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібін сақтамаса және бұл тәртіпті қолдану мүмкіндігі жойылмаса;
2) талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бөлігінің талаптарына сәйкес келмесе және алдын ала тыңдағанға дейін кемшіліктерді жоюдың мүмкін еместігі анықталса;
3) арызды әрекетке қабілетсіз адам берсе;
4) арызға оған қол қоюға немесе оны ұсынуға өкілеттіктері жоқ адам қол қойса;
5) осы немесе басқа соттың іс жүргізуінде солтараптар арасындағы сол нысана туралы даубойынша және сол негіздер бойынша іс болса;
6) талап қоюшы берген талап қоюды керіқайтарып алса;
7) соттың талаптарына қарамастан, істі оның қатысуынсыз талқылау туралы сұрамаған талапқоюшы сотқа екінші шақыру бойынша келмесе;
мүддесі үшін іс қозғалған тұлға мәлімделген талапты қолдамаса;
9) тараптар татуласу, медиация немесе даудыпартисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралыкелісім жасаса және оны сот бекітсе;
10) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік баж төленбесе немесе толық төленбесе;
11) іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпаса;
12) сол тараптар арасындағы сол нысана туралыдау бойынша және сол негіздер бойыншашығарылған заңды күшіне енген соттың шешімінемесе татуласу, медиация немесе даудыпартисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралыкелісімді бекіту туралы соттың ұйғарымы болса;
13) іс бойынша тараптардың бірі болыптабылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулықұқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жолбермесе;
14) іс бойынша тарап болатын ұйым оның қызметін тоқтатумен және құқық мирасқорларының болмауынан таратылса;
15) сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартса;
16) егер заңда өзгеше көзделмесе, тараптарарасында заңға сәйкес осы дауды төреліктің шешуіне беру туралы келісім жасалса;
17) іс осы соттың соттылығына жатпаса.
Талап қоюды қайтур туралы сот ұйғарым шығарады, онда соттың құқықтық тұжырымы мен негіздемелері көрсетіледі.
Сот ұйғарымымен келіспеген жағдайда, оған аппеляциялық, одан әрі кассациялық тәртіпте қайта қарау үшін шағымдануға болады. Алайда, қайтарылған талап қоюлардың басым бөлігін әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайтын талап қоюлар қамтиды.