Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді рәсімдеуге заңнаманың талаптарын сақтау мәселелер талқыланды

Ордабасы аудандық сотының судьясы Үсен Жанәділ Абылайұлы және Мирзабеков Қиятбек Амандықұлы ұйымдастыруымен жергілікті полиция қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға уәкілеттік берілген инспекторлардың қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау барысында хаттамаларды түзу және хаттамаларды электрондық нұсқада рәсімдеп, сотқа жолдау кезінде туындайтын мәселелерді талқыланып, сондай-ақ, жеке айыптауларды сотқа жолдау барысында орын алатын кемшіліктерді алдын алу бойынша жұмыс кездесуін өткізді.

Жиында аудандық соттың судьясы Ж.Үсен және Қ.Мирзабеков тақырыпқа жеке тоқталып, түсіндірмелер берді, ал Ордабасы аудандық полиция бөлімі қызметкерлері ӘҚБтК-нің 73-бабына енгізілген өзгертулерге байланысты, қазіргі кезде тәжірбиеде орын алып отырған мәселелерге қатысты сұрақтарды талқылады.

Жергілікті полиция өкілдері отбасы-тұрмыстық қатынастағы істерді тараптар татуласқан жағдайда сотқа жеткізбей, өздері қысқартып отыруына заңнамалық тұрғыда өкілеттік берілсе, сот жүиесінде жүктеме артпас еді деген ойларын жеткізді.

Жиынға қатысушылармен аталған тақырып бағытында жұмыстарды жандандыру бойынша пікірлер алмасып, ұсыныстар айтылды.

ПІКІР ЖАЗУ