Әкімшілік істер бойынша семинар-тренинг өткізілді

Түркістан облыстық соты ғимаратында “Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін шаруанемесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру ерекшеліктері” тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараға Түркістан облыстық сотыныңәкімшілік істері жөніндегі сот алқасыныңсудьялары, Түркістан облысыныңмамандандырылған ауданаралық әкімшіліксотының судьялары, жергілікті аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімініңбасшылары мен басшы орынбасарлары қатысты.

Семинар-тренинг барысында Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ж.Дербісалиева осы санаттағы істердің сотта қарау барысында конкурс жариялағанда және оны өткізгенде жер комиссиясымен Қазақстан Республикасының Жер кодексінің талаптарының жиі бұзылуы, комиссияның хаттамалық шешімінің талаптарға сай болмауы негіз болғанын айтып, статистикалық мәліметтерін және жер комиссиясының хаттамаларын түзуде кететін қателіктерін, аудио-бейне жазбалардың қағидатқа сай сақталмайтынын, заңда көзделген мерзім ішінде жер комиссияның жұмысшы органының сайтына салынбайтынын, комиссия отырысы барысында интернет ресурстарда тікелей эфирге қосылмайтындарын, конкурс өткізілгенде сауда-сатыққа қойылған жерлердің орналасқан жер бойынша ауылдық округ, кент әкімдерінің қатысуынсыз өткізілетіндерін, ашық дауыс беру тәртібі сақталмайтынын, яғни әкімшілік тәртіп дұрыс жүргізбеу нәтижесінде конкурстық хаттамалар заңсыз деп танылатынын жеткізді.

Семинар аяғында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын ала-алды

ПІКІР ЖАЗУ