Ақ үй Путиннің ұсынысын қолдамады

Ресей президенті Владимир Путиннің Украинада БҰҰ қамқорлығымен сырттай басқару енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын. Алайда Ақ үй бұл ұсыүысты қабылдамады, деп хабарлайды BAQ.KZ Euronews-ке сілтеме жасап.
Украинадағы билік оның Конституциясына және украин халқына негізделеді — деп мәлімдеді Ақ үй. Ресей президентінің бұл ұсынысын Украина мен Еуропалық одақ өкілдері де сынға алды.
Путин – қылмыскер, ол әскери қылмыстары үшін халықаралық іздеуде жүр. Біз оның үгіт-насихатына назар аудармаймыз және пікір білдірмейміз, – деді жұма күні өткен брифингте Еурокомиссия өкілі Анита Гиппер.
Айта кетейік, АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп бір кездері Украина президенті Владимир Зеленскийді «сайлаусыз диктатор» деп атаған болатын, алайда кейін бұл мәлімдемесін жоққа шығарды. Путин сонымен қатар Украина бойынша бейбіт келіссөздерге Солтүстік Кореяны тарту туралы да тосын ұсыныс жасады.
Украина президенті Владимир Зеленский мен Украина Сыртқы істер министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің елге БҰҰ қамқорлығымен “уақытша басқару” режимін енгізу туралы ұсынысына жауап берді.