Аймағамбетов мектептерде ағылшын тілі сағаттарын көбейтуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов ағылшын тілін оқытуға қатысты Үкіметке ұсыныс жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. Депутат Премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында ағылшын тілін ерте – мектептен бастап сапалы түрде оқытуды әрі қарай күшейту қажеттігін айтты.

Кезінде Президенттің тапсырмасына сәйкес 3-4 сыныптар мен
10-11-сыныптарда ағылшын тілі сағатын аптасына 3 сабақтан 5 сабаққа дейін көбейтуді қолға алғанбыз. Бірақ бұл бастама толық іске аспады. Осы бағытты нақты іске асыруымыз керек, – деп айтты Аймағамбетов Мәжілісте.

ПІКІР ЖАЗУ