Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа пікір білдірді

  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Мұның оң және теріс тұсы бар. Бірақ қарсы болғандардың уәжін түсінеміз, бұған әрдайым ғылыми көзқарас қажет. Министрліктің, білім басқармасының, мұғалімнің немесе ата-ананың емес, оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарауымыз керек. Бала, оның болашағы мен тиімділігі тұрғысынан қарасақ, басқаша көрініс шығады.

Ведомство басшысы қазір министрлік осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп жатқанын, оның нәтижесін кейінірек жариялайтынын айтты. Сондай-ақ ол ешкіммен кеңеспей, шешім қабылданбайтынын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Сауран: аудан әкімі кәсіпкерлермен кездесті

admin

Сарыағашта медициналық нысандар бой көтеруде

admin

Жамбыл облысында 9 жаңа су қоймасы салынады

admin