Әйелдердің зейнеткерлік жасын қысқартуды қарастырамыз – Ералы Тоғжанов

Қоғамда әйелдердің зейнеткерлік жасын төмендету мәселесі қызу талқыланып жүр. Бұл мәселені арасында депутаттар да көтеріп қояды.

Үкіметтегі әлеуметтік салаға жауапты вице-премьер Ералы Тоғжанов күн тәртібінде бар екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Шынымды айтсам, қиын сұрақ. Бұл жерде біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Ал халықаралық тәжірибеде зейнеткерлік жасы төмендемеген,

— дейді Ералы Тоғжанов.

Ол бұл мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да көтеріп жатқанын айтты.

Жыл соңына дейін әлеуметтік кодекс қабылданады. Оған дейін бірнеше талқылау жүреді. Әйелдердің зейнет жасы қазір 60 жас мөлшерінде. 2027 жылға дейін осы қалыппен ұзарады. Енді төмендету жағын қарастырамыз. Бұл мәселе күн тәртібінде тұр,

— деді вице-премьер.

Осының алдында Мәжілісте депутат Ерлан Смайылов зиянды өндірісте істейтін шахтерлер, металлургтер мен тағы басқа мамандық иелерін 55 жаста зейнетке шығаруды ұсынған.

ПІКІР ЖАЗУ