Әйелдерді тонаушы ұсталды

Алматыда әйелдерге шабуыл жасап, алқа ұрлауды кәсіп еткен азамат қолға түсті,  деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Тек әйелдерге шабуыл жасап, мойындарындағы алқаны ұрлауды қолжетімді табыс түріне айналдырған 42 жастағы ер адам қолға түсті. 1981 жылы туған К.есімді азаматқа қатысты 9 тонау дерегі бойынша айып тағылып отыр. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның әрекеті ҚР ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігімен (Тонау) квалификацияланады.

Эпизодтардың бірінде Жетісу-3 ықшамауданында күдікті белгісіз қыздың соңынан еріп, оған шабуыл жасап, алтын алқаны иемденіп, қылмыс орнынан бой тасалаған. Жәбірленуші материалдық шығынды 250 мың теңгеге бағалаған. Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр. 

ҚР ҚПК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

ПІКІР ЖАЗУ