Air Astana әуекомпаниясына неліктен айыппұл салынғаны белгілі болды
Комитет мәліметінше, жолаушылар арасында резонанс тудырған рейстердің кешігуіне байланыстыу 18 шілдеде комитет төрағасы Талғат Ластаев Air Astana әуекомпаниясымен шұғыл жиналыс өткізді. Жиын барысында авиакомпанияға әуе кемелерін коммерциялық жоспарлаудағы кемшіліктері көрсетіліп, тұрақты рейстердің орындалмауына жол бермеу туралы айтылды.
Сонымен қатар әуе кемелерінің жедел ауыстырылмауы, рейстердің кешігуі кезінде авиакомпания қызметкерлері тарапынан жылдам түсіндірмелік жұмыстардың жүргізілмеуі сынды кемшіліктері көрсетілді. Жиналыс қорытындысы бойынша Air Astana әуекомпаниясы резервті қамтамасыз ету үшін тұрақты рейстер кешіктірілген кезде ғана пайдаланылатын арнайы жеке әуе кемесін бөлді. Қазақстандық ірі авиакомпаниялардың акционері ретінде “Самұрық-Қазына” ҰӘҚ” АҚ әуе кемелерін алуды жоспарлау жөніндегі жұмысты күшейтуі қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар 21 шілдеде өзара іс-қимылды нығайту мақсатында “Қазақстанның авиациялық әкімшілігі” АҚ, “Эйр Астана” авиакомпаниясы, Алматы және Орал қалалары әуежайларының қатысуымен кеңестер берілді.