Ағымдағы жылы “7-20-25” бағдарламасы тоқтайды

16-ы қыркүйек елімізде танымал 7-20-25 тұрғын-үй ипотекалық бағдарламасының жұмысы тоқтайды. Осыған орай, бірқатар, экономистер мен сарапшылар онсыз да тұрақсыз әрі қымбат тұрғын үй нарығында толқу болады деген сенімде.

“7-20-25” бағдарламасы аяқталған соң елде жаңа үйлерге сұраныс күрт төмендеуі мүмкін. Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы осылай болжайды. Ал, Түркістан қаласында осы бағдарламаның соңғы күндері дауға ұласа жаздады. Пәтер алуға асыққан жұрт конкурсқа қатысу үшін өтініш берген кезде сайтта ақаулар шыққан. Бірақ, қалалық әкімдік өкілдері жағдай бақылауда дейді.

ТАЛҒАТ ҮСЕНБАЕВ –  ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ – 12-і қыркүейкте 134 пәтерге 7-20-25 арқылы конкурс жарияланған болатын. Алайда, серверлердің көтерілмеуіне байланысты конкурс өтпеді деп танылып, жаңа конкурс жарияланып жатыр. Бұл жерде 134 пәтерге бір мезетте 3896 адам қатысқандықтан, сервер көтере алмады. Қазір цифровизация басқармасымен бірлесе жаңа конкурс жаиялауға дайындық жүріп жатыр.

Сондай-ақ Талғат Үсенбаев сарапшылардың болжамы нақты болады дегенді білдірмейді дейді. Себебі, үкімет белгілеген пәтер бағасы ешқандай бағдарламаға байланысты емес. Сондықтан, жақын арада пәтер бағасы қымбаттай қоймайды деп сендірді.

ТАЛҒАТ ҮСЕНБАЕВ – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ – 2541 пәтердің бір шаршы метрі 180 мың теңгемен сатылып жатыр. Бұл бағдарлама әлі қолданыста. Бізге әлі өзгертпе келген жоқ. Егер өзгерістер болатын болса, алдын ала хабарлайтын боламыз.

Дегенмен мемлекеттік тұрғын-үйлердің көп жағдайда сын көтермейтіні жасырын емес. Ал мемлекеттік бағдарламаға мемлекеттік қызметкер болмасаң, қатысып үйлі болу да қиын шаруа. Мәселен, қала тұрғыны Мақсат Сағидуллаұлы ешқандай бағдарламаға сай келмей әлі пәтер ала алмай жүр.

МАҚСАТ САҒИДУЛЛАҰЛЫ – ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ – Сен 50 процент первоначалка төлеу керексің. Қазіргі таңда ондай жалақымен құю қиын. Менің ойымша жастарға арналған 20-30 процент первоначалка төлейтін бағдарлама ашу керек. Осы көп рекламировать ететін бағдарламалар 20-30 проценттік госслужащийлерге арналған программалар. Қарапайым жастарға ондай программа қарастырылмаған.

Айта кетер жайт, 13-і және 14-і қыркүйек күндері 7-20-25 бағдарламасына қатысуға өтініш беретін соңғы күндер. Осы жобаға іліккен тұрғындар 7 пайыздық несие арқылы пәтер иесі атана алады. Ал, Түркістан қаласында қазір 14674 адам үй кезегіне тіркелген екен.

ПІКІР ЖАЗУ