АЭС салуды колледж студенттері қолдауда
Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ні ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы университетінің колледжінде «АЭС: Жастардың болашақ энергетикаға дайындығын арттыру» тақырыбында арнайы кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастар арасында атом энергетикасының маңыздылығын түсіндіру, кәсіби бағдар беру және жаңа технологияларға қызығушылықты арттыру.
Кездесуге колледж студенттері мен оқытушылар қатысты. Атом энергетикасы, оның артықшылықтары мен қауіпсіздігі жиын барысында сөз болды. Сонымен қатар, экологиялық аспектілер туралы ақпараттар қаузалды. Студенттер АЭС-тің болашағы, экологиялық таза энергия көздері мен жасыл технологиялар тақырыбында пікір алмасты.
Кездесу соңында, жастар АЭС-тің энергетика саласындағы рөлі мен маңыздылығын тереңірек түсініп, болашақта осы салада жұмыс істеуге деген қызығушылықтарын білдірді.