Әдеп жөніндегі кеңесте қызметтік автокөлікті қызметтен тыс және жеке мақсатта пайдаланған лауазымды тұлғалардың тәртіптік істері қаралды

Ағымдағы жылдың 18 қазанда Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысында, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін кемсіту, әдепсіздік және бейәдеп мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өздерінің әрекеттерімен және мінез-құлқымен олардың тарапынан сынға себепкер болмау; азаматтардың көз алдында өздері өкілі болып табылатын мемлекеттік органдардың абыройы мен беделіне айқын нұқсан келтіретін әрекеттер жасауға жол бермеу туралы Әдеп кодексінің талаптарын сақтамағаны үшін Әдеп жөніндегі кеңес шешімімен Қазығұрт ауданы Қарақозы Әбдәлиев ауылдық округі әкіміне «ҚЫЗМЕТКЕ ТОЛЫҚ СӘЙКЕС ЕМЕСТІГІ ТУРАЛЫ ЕСКЕРТУ» және бас маманына «СӨГІС» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебінің стандарттарын сақтамай қызметтік автокөлікті жұмыс уақытынан тыс уақытта пайдаланғаны үшін Сарыағаш қаласының әкіміне «ЕСКЕРТУ» және қызметтік автокөлікті жұмыс уақытында жеке басының пайдасына пайдаланғаны үшін Сайрам ауданы әкімінің орынбасарына «ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жазалар қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, Әдеп кодексінің мемлекет мүдделеріне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттерге қарсы тұру туралы талабын сақтамағаны үшін Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысына «ЕСКЕРТУ» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Бұдан бөлек, кеңес отырысында мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша Кентау қаласының әкімінің, Түркістан облысының Жер ресурстарын басқару департаменті басшысының міндетін атқарушының және Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының, сондай-ақ, Әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері туралы Шардара ауданы әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкілінің есептері тыңдалып, тиісті ұсыныстар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ