«Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті» тақырыбында семинар сабағы өткізілді.

Кентау қалалық сот әкімшіснің бас маманы Г.Хасанова сот қызметкерлері арасында «Әдеп кодексі – мемлекеттік қызметшілердің ең басты міндеті» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Әдеп кодексінің басты мақсаты сыбайлас жемқоралықтың алдын-алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтарды жасамау және олардың алдын-алуға арналған іс-қимылдарды жасау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін сақтаудағы жауаптылылық деңгейін көтеруді үйлестіруге байланысты іс-шараларды қабылдау және мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі комиссияларымен өзара іс-қимыл бойынша ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

Мемлекеттік қызметкер үшін негізгі қабылданған әдеп нормаларын сақтау – басты мәселе, өйткені ол қызмет барысында тікелей қоғаммен жұмыс жүргізеді және әртүрлі тұлғалармен үнемі байланыста болады. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкердің сыртқы бейнесі, киім үлгісі, іс әрекеті, сөйлеу мәнері, ой-пікірі, жеке қасиеттері – барлығы да адамға нұқсан келтірмейтіндей қызмет ету қажет екендігі.

Адамның ар-намысына тіл тигізу, заңнаманы бұзу, қоршаған адамдардың тәртібі мен қауіпсіздігіне қол сұғу сынды адамгершілікке жатпайтын қылықтарға жол бермеу тиістілігі жөнінде түсіндірілді.

Жұмыстан тыс уақытта мемлекеттік қызметші мемлекеттің беделін түсіретін және қоғам тарапынан сын мен айыптау тудыратын жағдайлардан аулақ болуы қажеттігі ескертілді.

ПІКІР ЖАЗУ