Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ҚоғамСпорт

Абай облысының жас спортшысы Азияны екі рет бағындарды

5–12 мамыр аралығында Үндістанның Дехрадун қаласында классикалық пауэрлифтингтен жасөспірімдер мен юниорлар арасындағы Азия чемпионаты өтті. Дүбірлі додада Абай облысының атынан сынға түскен Семей қаласындағы арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушісі, 9-сынып оқушысы Лазарек Денис 53 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, екінші мәрте Азия чемпионы атанды.

Чемпионатқа Ресей, Жапония, Филиппин, Сингапур, Қырғызстан, Малайзия, Қазақстан сияқты 7 елден 120-дан астам спортшы қатысты. Халықаралық аламанда Қазақстан туының көкте желбіреуі – ел намысын қорғаған жас спортшылар үшін үлкен мәртебе.

Денисті жарысқа дайындаған жаттықтырушылар – Семей қаласындағы «GOLD KING» спорт кешенінің мамандары Андрей Викторович Алтайбаев пен Марина Васильевна Алтайбаева.

Сәйкес жаңалықтар

Заңсыз 128 келі балық аулаған браконьерлер ұсталды

admin

Қарағанды облысында қоғамдық көліктегі тариф өзгереді

admin

ҚМА: Экономикалық құқықбұзушылыққа қатысы барлар «қара тізімге» енгізіледі

admin