Абай облысының әкімі қайғы жамылған отбасыларға қолдау көрсетілетінін мәлімдеді

 Абай облысының әкімі Берік Уәли қайғы жамылған отбасыларға көңіл айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Үржар ауданында орын алған жантүршігерлік оқиға бәpіміздің қабырғамызды қайыстырды. Көлік қағып кеткен балалардың қазасына байланысты орны толмас ауыр қайғыға душар болған отбасыларға өзімнің және бүкіл Абай облысы жұртшылығының атынан қайғырып көңіл айтамын! Қаза болған балалардың отбасыларына жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қажетті барлық қолдау көрсетіледі. Сондай-ақ психологиялық көмек беріледі, – делінген көңіл айтуда.

Еске салсақ,  19 тамызда Абай облысы, Үржар ауданының Бестерек ауылында кәмелетке толмаған балаларды көлік қағып, салдарынан үш бала көз жұмды. Тағы үшеуі түрлі жарақатпен дәрігерлердің бақылауында.

Президент тапсырмасымен Астанадан Денсаулық сақтау министрлігінің дәрігерлері Қорғаныс министрлігінің әскери-көлік авиациясымен жеткізілді. Сондай-ақ, облыс әкімдігі қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсететінін хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі зардап шеккен балаларға ота жасалып жатқанын, оларға медициналық көмек көрсетуге үздік мамандар тартылғанын хабарлады. Белгілі болғандай, қайтыс болған балалар әжесіне қонаққа барған

Апаттан кейін жүргізуші қамауға алынды. Үржарда үш баланың қазасына себеп болған жол апаты тергеліп жатыр. Дәрігерлер балалардың өмірі үшін күресуде. Екі бала Астанаға жеткізіледі