Абай ауданында шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде
Шымкент қаласы Абай ауданы аумағында тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Игілік шағын ауданындағы ұзындығы 650 метр құрайтын топырақ 5 көшеге шағал тас төселді. Аталған жұмыстар барысы әкімдік тарапынан тұрақты қадағалауда. Аудан бойынша 1-ші кезеңде 16 шақырым көшеге шағал тас төсеу жоспарланған.
Сонымен қатар, аталған бағыттағы жұмыстар аудандағы Нұршуақ, Қайнарбұлақ, Самал-3, Достық, Бозарық, Алтынтөбе елді мекендерінде де жалғасын табатын болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!