А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды
Ташкент – Алматы бағытында қаланы айналып өтетін негізгі магистралды А-2 автомобиль жолын қайта жаңарту жұмыстары атқарылуда. Аталған жол 31 шақырым, 8 кезең бойынша жол құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басына барып, жұмыс барысын бақылады.
Бүгінде 1-ші және 3-ші кезеңінің құрылыс жұмыстары мен Бадам өзенінен өтетін көпірдің құрылысы аяқталды.
Биылғы жылдың шілде айында Ынтымақ шағын ауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты қамтитын 2-ші кезеңі толық аяқталып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін 4-ші кезеңді толығымен аяқтау жоспарланып отыр.
А-2 айналма тас жолының 4 кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейінгі аралықты қамтиды.
Жалпы ұзындығы 1,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты. Жолдың екі жағынан да арық, жасыл аймақ, тротуар салу, көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде.
А-2 айналма тас жолын қайта құру жұмыстары 82% пайызға орындалды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі