ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов референдум туралы пікір білдірді
Бүгінгі референдумның мәні, маңызы өте жоғары деңгейде деп айтқым келеді. Себебі бүгінгі жасалып жатқан реформалар – тарихи реформалар. Біз қазір тағы бір кезеңге өтіп жатырмыз, бұл тарихи сәт.
Екіншіден, бұл реформалар жоғарыдан келген бір нұсқау арқылы немесе тапсырма емес, бұл – халықтың, қоғамның сұранысынан туындап отыр. Бұл халық үніне құлақ асудың бір көрінісі. Реформадан әр қазақстандық өзінің отбасының, ұрпағының, болашағының қандай болатынына жауап іздейді. Одан бөлек, өзінің туған өлкесі, ауылы немесе қаласының болашағы қандай болатынын жауап іздейді.
Үшіншіден, мемлекетіміз қандай жолмен дамиды деген сияқты сұрақтардың жауабын, осы президент реформаларынан таба алады деп ойлаймын. Сондықтан да халық арасында кеңінен қолдау тауып отыр. Референдум арқылы қабылданайын деп жатқан өзгерістер – тұнып тұрған демократия дер едім. Себебі бұл әділдікке, еркіндікке, ашықтыққа бағытталған реформалар.
ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов