Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Облыстық қоғамдық штаб мүшелері түсіндірме жұмысты жалғастыруда

 

 Облыстық қоғамдық штаб мүшесі, «Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Бейсембаев пен «Amanat» партиясы Түркістан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Ғаппар Сәрсенбаев Түркістан темір жол станциясының ұжымымен жүздесті.

Спикерлер 5-маусымда өтетін республикалық референдумда қаралатын мәселе — Ата Заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Яғни, Конституциялық реформалардың тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктерін және аталған реформалардың негізгі бағыттары егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Қоғамдық штаб мүшелері жиынға қатысушыларды конституциялық реформаларды қолдауға және азаматтық белсенділік танытып, жалпыхалықтық референдумға біркісідей қатысуға шақырды.
Шойын жол қызметкерлері референдумды қолдайтындықтарын жеткізді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Төлебиде 2025 жылға қарай туристер санын 55 мыңға жеткізу көзделуде

admin

Жамбыл облысында агродрондар кәсіпорны өндірісін бастады

admin

Түркістан қаласына инвестиция тарту мәселесі қарқынды жүріп жатыр

admin