Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғамСаясат

Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияға түзетулер қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын қамтиды

 

 Мемлекет басшысы ұсынған Конституцияға түзетулер қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларын қамтиды. Ең бастысы, бұл реформалар тең құқылы қоғам құруға және ел байлығын әділ бөлуге мүмкіндік береді. Ал ол үшін жасанды монополияларды түбегейлі жою міндеті қойылып отыр.
Алда саяси жүйеміз елеулі түрде жаңғырылады, соның арқасында барлық саяси күштер электораттың нақты сұраныстарына көбірек бағдарланатын болады, өйткені партиялардың идеяларын әкімшілік ресурс арқылы кез келген ілгерілету алып тасталады – Президент те, облыс әкімдері де бұдан былай билеуші партия мен оның филиалдарын басқара алмайды.

Реформалар нәтижесінде Президенттің шектен тыс билік өкілеттіктерін қайта бөлудің арқасында биліктің барлық тармақтары өзара теңестірілетін болады.
Отбасылық олигархиялық кландар сияқты орынсыз құбылыстардан сенімді қорғану да ойластырылған – Президенттің туыстарына ірі мемлекеттік немесе ұлттық компаниялар мен корпорацияларда саяси лауазымдар мен қызметтерді атқаруға тыйым салынады.

Мемлекет басшысының өзі атап өткендей, ел болашағын айқындайтын осындай ауқымды реформаларды халықтың өзі таңдауы тиіс. Осыны ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда жалпыхалықтық референдум өткізуді жариялады.
#CCS

Сәйкес жаңалықтар

Полиция күзет қызметімен қауіпсіздік шараларына жұмылдырылды

admin

Кентау: қала әкімі қаладағы бірнеше көше тұрғындарымен кездесті

admin

Түркістан музыкалық драма театры Әзербайжанда өткен халықаралық театр фестивалінде жүлдеге ие болды

admin