Референдум бойынша облыстық штаб мүшелері сызғандық ұстаздарға үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

 

   Түркістан облысы, Созақ ауданы, Сызған ауыл округі, А.Байтұрсынов мектебіне Референдум бойынша облыстық штаб мүшелері арнайы келіп, еліміздегі маңызды саяси оқиға – референдум жөнінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Облыстық штаб өкілдері билік пен қоғамдағы өзгерістерге және орын алған саяси олқылықтарға тоқталды.
Ауылдардың қаржылық мүмкіндіктерін кеңейту үшін жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерін тікелей қаржыландыру тетігі енгізіледі. Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық дербестігін нығайтуға мүмкіндік береді.

Облыстардың әкімдері, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері Президенттің сол жердегі өкілі іспеттес. Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша бір жағынан халық таңдауы, екінші жағынан Президент арқылы, яғни халық қалаулыларының Мемлекет басшысы ұсынған баламалы кандидатуралардан іріктеп алуы арқылы оларды тағайындау жүзеге асырылатын болады.
Өзгеріске енген жаңа Заң қолданысқа түссе, халықтың басқару ісіне араласу мүмкіндігі кеңейіп, билік пен халық арасында байланыс нығая түсетіндігіне тоқталды.
Кездесуде ұстаздар қауымы белсенділік танытып, өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды. Олар конституциядағы жаңа өзгерістерге көзқарасы оң екенін білдірді. Өз кезегінде қатысушылар елдің жарқын болашағы үшін жасалынып жатқан тарихи сәтте біркісідей атсалысатындықтарын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ