Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Референдум — жаңа Қазақстанды құруға бағытталған қадамның жарқын көрінісі

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалы мен аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен референдумның маңыздылығын түсіндіру мақсатында кездесу өткізілді.

Аталған кездесуде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиал басшысы Е.Айтжанов, референдум қоғам арасында қызу талқыланып жатқандығын, Конституцияны бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өзгерту халықтың еркін білдіруінің айқын көрінісі екендігін атап өтті. Сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ж.Абдиев, ел алдындағы, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, референдум өткізу – саяси дамудың көрсеткіші екендігін айта келе, өз азаматтық ұстанымдарын білдіру мақсатында референдумға бір кісідей қатысып, азаматтардың игілігі үшін жасалып жатқан, елге оң өзгеріс әкелуге септігін тигізетін еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізіліп жатқан түзетулерді қолдауға шақырды.

Сәйкес жаңалықтар

FIPP төрағасы: Қазақстан жаһандық идеялардың қайнар көзіне айналып келеді

admin

Түлкібас: патриотизм мен адал қызметтің иелеріне құрмет көрсетілді

admin

Кентауда көпбалалы ана өз кәсібін дамытуда

admin