Республикалық штаб мүшесі тарихи белесте халықты бірігуге шақырды

 

 Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаты, «AMANAT» париясының республикалық штаб мүшесі Қайнар Абасов Төлеби ауданында болып, бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

 Ең алдымен Қайнар Бегалыұлы Алатау ауылы, Қорған және Біркөлік елді мекендерінің жергілікті тұрғындарымен кездесті. Басқосу кезінде депутат жалпыхалықтық референдумның маңызына тоқталып, тұрғындарға дауыс берудің ережелері мен шарттарын түсіндірді. Жиынға Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Б.Құралбаев, «AMANAT» партиясы Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қ.Қансейітов, сондай-ақ аудандық мәслихат депутаттары да қатысып, референдумды қолдауға шақырды.

  Ата заңымызда жер және жер қойнауы – халықтың меншігі, «Өлім жазасына» тыйым салу, Президент және судьялар, сайлау комиссиясының өкілдері, әскери және Ұлттық қауіпсіздік қызметшілері ешқандай партияның, қоғамдық бірлестіктердің мүшелігінде болмауға тиіс деген сынды маңызды өзгерістер енгізілмек. Сондықтан алдағы 5 маусым күні әрбір қазақстандық өз таңдауын жасап, дауыс бергені маңызды. Ендеше мен сіздерді белсенділік танытып, бір кісідей атсалысуға шақырамын, – деді республикалық штаб мүшесі.

 Бірінші мамыр ауылында көпбалалы аналармен, аз қамтылған отбасылармен, өзін-өзі қамтып отырған және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарымен де жиын өтті. Қ.Абасов алдағы науқанның маңызы ерекше екеніне тоқталды. Шара барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген ұсыныстар мен талап-тілектер де назардан тыс қалмады. Мәселен жайылым тапшылығы, несие пайызын төмендету, кепілге қойылатын жылжымайтын мүлікке қатысты ұсыныстары назарға алдынды.

 Кездесулер соңында жиналғандар депутаттарға өз ықылыстарын білдіріп, жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдайтынын және Жаңа Қазақстан құру жолында мемлекетке үлкен сенім артатынын жеткізді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ