Қаржы пирамидасы: Вайнер Төребаев неліктен босатылды

  ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Мейіржан Төребаевтың не себепті кепілмен босатылғанын түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Вайнерлердің жағдайы мен қаржы пирамидасын құру және басқаруға қатысты 169-дан астам зардап шегуші тіркелді. Келген шығын – екі миллиард теңгеге жуық. Қылмыстық жауапкершілікке 14 адам тартылды. Алты адам қамауға алынды.  ҚР Бас прокурорының орынбасары Әсет Шындалиев

Оның айтуынша, Вайнер Мейіржан Төребаев қазір кепілмен босатылған. Сонымен қатар Әсет Шындалиевтің сөзінше, қылмыстық процесте бұлтартпау шарасы әр жағдайда жеке таңдалады.

Барлық мән-жай ескеріледі: тұрақты тұрғылықты жерінің болуы, кәмелетке толмаған балалары, қылмыс жасаудағы рөлі. Осы мән-жайдың барлығын ескере отырып, сот Мейіржан Төребаевқа кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.  Әсет Шындалиев

Бас прокурордың орынбасарының айтуынша, егер адам қамауға алынбаса, бұл оның қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын білдірмейді.

Қазір іс аяқталды. Таныстыру кезеңінен өтіп жатыр. Бұл қылмысқа қатысы барлардың барлығының әрекеттері сарапқа салынған. Оларға айып тағылды. Іс прокурорға, одан кейін сотқа жіберіледі.  Әсет Шындалиев

2022 жылдың ақпан айында вайнер Мейіржан Төребаев, актер Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаев қаржы пирамидасын құрып, оны басқарды деген күдікке ілінгені туралы хабарланды.

11 сәуір күні Нұр-Сұлтанда қаржы пирамидасының қатысушысы Ішкі істер министрлігі ғимаратының жанында өзін-өзі өртеп жіберді. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқиғаға түсініктеме бере отырып, жәбірленуші тергеу органдарына қысым көрсету үшін өзін-өзі өртеп жібергенін айтты.

Тегтерпирамида

ПІКІР ЖАЗУ