ҚР президентінің баспасөз хатшысы тағайындалды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Руслан Желдібай Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл ақпарат Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Ол бұған дейін ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары болған еді.
Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.
Білімі:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.
Еңбек өтілі:
- Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.
- 2012-2018 жылдары – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
- 2018-2019 жылдары – Ақпарат және коммуникациялар комитетінің Интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы, басшысы;
- 2019-2020 жылдары – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
- 2020-2022 жылдары – Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
- 2022 жылғы ақпаннан бастап ҚР премьер-министрі кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.