Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Шымкентте ұсталды

  Халықаралық іздеуде жүрген Өзбекстан азаматы Шымкентте ұсталды
  Қалалық полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Мигрант» және «Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында Өзбекстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азаматты анықтап, құрықтады. 30 жасар деструктивті діни ағымның жақтаушысы бұдан алдын көрші елдің полицейлерімен халықаралық іздестіруге жарияланған болатын.
  Ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істегені белгілі болды.
  Қазіргі таңда полиция қызметкерлері оның құжаттарын қалпына келтіріп, Өзбекстанға экстрадициялау бойынша шаралар қабылдауда.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: «БИ ХАНШАЙЫМЫ» кітабының тұсаукесері өтті

admin

Ауыл медицинасын жаңғырту. Павлодар облысында 30 нысан бой көтереді

admin

AMANAT партиясының Түркістан облыстық мәслихат депутаты Бегалива Шолпан Маратқызының кезекті қабылдау өтті.

admin