Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған.

 Оқиға бүгін кешкі сағат 19:00 шамасында Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар «Yutong» маркалы автобус Шымкент қаласына бағыт алған. Осы сәтте қарсы беттен «Audi 100» маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Audi 100″ автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталуда», — делінген Түркістан облысы полиция депортаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сәйкес жаңалықтар

ҚР СІМ басшысының орынбасары Investors Annual Meeting 2026 іс-шарасына қатысты

admin

ШЫМКЕНТ: Әйтенов «Сәуле» шағынауданы 276 орамда жарық және су жүйелерінің жағдайымен танысты

admin

Жетісулық зергер көне кәсіпті жаңғыртып отыр

admin