Шымкент полицейлерінің көмегіне бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінді
Шымкент полицейлерінің көмегіне бір аптада 7 мыңнан астам азамат жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына өткен аптада қала тұрғындары мен қонақтарынан түрлі сипаттағы 7203 қоңырау түсті. Бейнебақылау камераларының көмегімен 21-27 наурыз аралығында 23 қылмыс ашылды: ұрлық, тонау, автокөлікті заңсыз иемдену және т.б.Сонымен қатар, 3229 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (Ортақ пайдалану орындарын ластау) – 375 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) – 100 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы (Қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 55 жайт анқталып, тәртіп бұзушылар жауапкершілікке тартылды.
Бұдан басқа, 2368 жол жүру қағидаларын бұзу және 331 өзге де құқық бұзушылық анықталды.