Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ҚоғамСаясат

Ақорда Берік Уәлидің ШҚО әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Берік Уәлидің Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалғаны туралы ақпарат тарады.

Осыған орай Zakon.kz редакциясы Ақорданың баспасөз қызметіне хабарласқан еді.

Ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл – жалған ақпарат.  Ақорданың баспасөз қызметі

Берік Уәли 2019 жылдың 22 наурызынан бастап мемлекет басшысының баспасөз хатшысы қызметін атқарып келеді.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда құны 5 миллион теңгеден асатын жалған Apple өнімдері тәркіленді

admin

Хайп жасаған мәслихат депутаты Мәжіліске барғысы келеді

admin

Алматыда Республика сарайында мерекелік концерт өтті

admin