Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тоқаев әкесі туралы түсірілгелі жатқан кино жөнінде: Ешкімге тапсырма берген жоқпын

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық телеарна эфирінен берілген кезекті сұхбатында «Әке туралы ой-толғау» кітабының желісі бойынша бір продюсерлік орталық түсіргелі жатқан кино туралы сұраққа жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы өзі жазған кітабының негізінде кино түсіргелі жатқанынан хабардар екенін айтты. «Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл – менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым«, — деді мемлекет басшысы.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Магистралды су құбырларының құрылысы кестеге сәйкес жүргізілуде

admin

Түркістан: облыстық маңызы бар жолдар қардан тазаланып, инертті заттар себілуде

admin

Ерекше зәрулігі бар жандар аудан әкімінің қабылдауында болды

admin