Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Омикрон штамын қалай анықтайды? (видео)

ҚАЗАҚСТАН ҮКІМЕТІ ҚАНДАЙ ШАРА ҚАБЫЛДАДЫ?

Қазақстанда жаңа штамм әлі тіркелмеген, бірақ жергілікті денсаулық мамандарының айтуынша, оның елге келуі әбден мүмкін.

30 қарашада үкімет омикрон штамын елге кіргізбеу үшін 3 желтоқсаннан бастап Африканың оңтүстігіндегі елдердің (ОАР, Ботствана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави және Танзания) азаматтарын Қазақстанға келуін шектейтінін мәлімдеді. Мұндай шектеу Гонконг азаматтарына да қойылып отыр.

Омикрон штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланд, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египет азаматтары Қазақстанға келер болса, вакцина салдырған-салдырмағанына қарамастан ПТР тестін тапсырады және тест нәтижесі қандай болса да, жеті күн карантинде болады.

Үкімет сондай-ақ Египетпен әуе қатынасын тоқтатты. Денсаулық министрлігінің дерегінше, қарашада осы бағытта 13 мың жолаушы қатынаған.

Сәйкес жаңалықтар

2026 жылы салық түсімі 30%-ға өседі – Қаржы министрлігі

admin

Түркістан: Аяқ доп шеберлері күміс жүлдегер атанды

admin

Шымкент: алты баланы өрттен құтқарған ана баспаналы болады

admin