«Дикий Арман» билікті күшпен басып алу бабы бойынша тергеліп жатыр

«Қаңтар қасіреті» кезінде ұсталған Арман Жұмагелдиевке қатысты қазір бірнеше қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.

Оның адвокаты Евгений Яворскийдің айтуынша, «Дикий Арманның» ісі бойынша Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин де тергеліп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Арман Жұмагелдиевтың ісі «билікті күшпен басып алу» бабымен қаралуда. Бұл баппен Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин де тексеріліп жатқанын айта кетейік.

Арман Жұмагелдиевтің де, Дәулет Ерғожиннің бір іс бойынша тергеліп жатқанына қарағанда оларды байланыстырмақ сияқты. Қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілгендіктен қолым байлаулы, бар ақпартты көпшілікке бөлісе алмай отырмын,

—деп жазады Евгений Яворский.

Оның айтуынша, қоғам қайта мұндай даулы істердің мән-жайын біліп, жан-жақты танысқаны дұрыс.

Еске салсақ, 7 қаңтар күні Арман Джумагельдиев, ал 13 қаңтар күні Кәрім Мәсімовтің бұрынғы орынбасарлары Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин ұсталды. Оларға билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталған еді.

ПІКІР ЖАЗУ