Ақжарқын Тұрлыбайдың хаты жарияланды

Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушысы Сұңқар Нұрмағанбет оның анасына жазған хатын жариялады.

Алматы. NEGE. Қорғаушысының айтуынша, Ақжарқынға сауда жасауға, тұрақты түрде отбасына қоңырау шалып тұруға, сонымен қатар хат алып, хатқа жауап беруге мүмкіндігі бар екенін айтты.

«Аяулы анашым. Отбасыммен бірге болуды қаншалықты армандайтынымды білсеңіз ғой. Балалық шағымды, сіздерді қатты сағындым. Білесіз бе, біздің жүрегіміз бір-бірімен тығыз байланысты. Біз әлі де жақынбыз. Мен отбасымыздың әрбір мүшесін сағындым және жақсы көремін. Сізден тағы да хаттар мен фотолар күтемін. Сүйіспеншілікпен, қызыңыз Ақжарқын», – делінген 2021 жылдың 15 желтоқсанындағы хат мәтінінде.

Қорғаушы Ақжарқын елге қашан оралады деген сауалға да жауап беруге тырысты.

«Қазақстанның сотталған азаматтарын беру 2015 жылы Бейжіңде қол қойылған екіжақты келісіммен реттеледі. Мұндай келісім барлық елде жоқ. Бұл факт», – дейді ол.

ПІКІР ЖАЗУ