Жаңаөзенде тағы да ереуіл
Жаңаөзенде бір топ тұрғын жергілікті қала әкімдігіне келіп, мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдауды талап етті.
Жаңаөзенде жұмыссыз жастар қала әкімдігінен жұмыспен қамтуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Бүгін Жаңаөзенде бір топ қала тұрғыны мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдауды, сонымен бірге мердігерлік мекемелер арқылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ штатына кезекпен жұмысқа орналасу туралы келісімді жоюды талап етті.
«Жаңаөзен қаласында осы күнге дейін жұмыссыздық мәселесі оң шешімін таппай отыр. 2020 жылы қала әкімдігі жасаған жұмыссыздар тізімі әділетсіз түзілуіне байланысты сенімсіздік білдіреміз. Осы жұмыссыз азаматтарды болашағы бар мұнай-газ саласына тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз», — деді жиналған жастар.