– Америкаға ағылшын тілін үйреніп бардыңыз ба? Шетелден алған біліміңіз туралы бөлісе отырсаңыз? IT саласына мектеп кезінен қызығушылық болды ма?
– Алғашқы əзірде шетелде оқимын деген ойым болмады. АҚШ-тағы университеттерге жауап беретін қазақ азаматы лицейге келіп, ұсыныс білдірген соң оқуға тапсырып көрген едім. Сəтін салды. Бірге оқыған жолдастарыммен бірге Хьюстон қаласына аттандық. Негізі шет тілінен гөрі математикаға жақын болдым. Елде үйренген ағылшын тілін қайта жетілдіруіме тура келді. «Назарбаев Зияткерлік м е кт е п т е р і » , қ а з а қ – т ү р і к лицейлері секілді білім беру мекемелерінде IT саласы терең оқытылады. Информатика пəнін лицейге оқуға түскеннен кейін білдім. 7 сыныпта информатика бағытын таңдап, ха л ы қ а р а л ы қ ж а р ы с т а р ғ а қатысып, жүлделі орын алып жүрдім. Лицейде сабақты жоғары сыныптың оқушылары өткізетін. Түлектердің шетелде оқитынын, жұмыс істейтінін еститін едік.
– АҚШ-тағы оқу орындарын салыстырмалы түрде қалай бағалар едіңіз? Оқу барысы, оқу жүйесі қалай екен?
– Америкада cөйлеу дағдысы өте маңызды саналады. Ол жақта адамдар бір нəрсені білмейтін болса сұрап, пікірін ашық, еркін білдіре алады. Адамдар бірімен-бірі тез тіл табысады. Бізде қалыптасқан əдет бойынша білмеген нəрсені сұрауды ұят санаймыз ғой. Ал, оларда керісінше. АҚШ-та басқа университеттерге барып, тəжірибе алмасып тұруға болады. Бұл елде өмір сүру маған «плюс» болғаны рас.
– Қазақ жастарының АҚШтағы жағдайы, оқу үлгерімдері туралы не айтар едіңіз? Не толғандырады, неге көңіліңіз толмайды дегендей…
– Менің байқағаным, көп жастардың мақсаты – шетелде жұмыс істеп, ақша табу. Алайда, білім алуға барған студенттердің мақсаттары өзгеріп жататынын байқадым. «Əзірге ақша тауып алайын, жұмыс сосын табылар» деген түсінік те жоқ емес. Мүмкін шетелге келіп еркінситін де секілді. Көбінесе ТМД-дан барған жастар жанар-жағармай бекетінде, мейрамханаларда даяшы болып жұмыс істейді. Кейбірі қаражаттан қиналып қалып та жатады. Жолындағы қиындықтарды еңсере алмай, оқуын тастап кететіндері де бар.
– Сіздің мақсатыңыз қандай болды? Осындай «толқуларды» сіз де басыңыздан өткердіңіз бе?
– Біз жолдастарымызбен əуел бастан «оқуға келген соң, оқимыз» деп келістік. Жақсы білім алып, білікті маман болып шығуды ойладық. Қазір менің таныстарымның арасында ірі компанияларға жұмысқа орналасып, университеттегі шығындарын 6 айдың ішінде қайт арып а лғандары бар. Сондай-ақ, бұл жақта оқи жүріп, кəсіпорындарда тəжірибеден өтуге болады. Бірақ, іс-шара оңайға соқпайды. Шетелдің студентіне университеттен кейін, бір немесе үш жыл жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Одан кейін еліне қайтуы керек. Бұл компанияларға тиімді емесі белгілі. Соған қарамастан олар осы тəртіпті сақтайды. АҚШ-та қай университетте оқығанына басымдық беріле бермейді. Негізінен адамның түйіндемесі мен еңбек тəжірибесіне қарайды. Мен де университетте оқып жүргенімде Хьюстондағы компанияға қызметке орналастым. Ол жерде 9 ай жұмыс істедім. Содан соң, қазақстандық «Xive» криптомайнинг компаниясы стартап жобасын бастап жатыр екен, сол жерде сеньор-инженердің қоластында 6-7 ай еңбек етіп, көп тəжірибе жинақтадым. Ал, университет бітіргеннен кейін «Хьюстон қаласында қаламын» деп шештім.
– Америкада жұмысқа тұру қалай екен? Көпшілікпен тəжірибеңізбен бөліссеңіз…
– Бұл елде бір жұмыс орнына бірнеше адам үміткер. Сондықтан компанияға келіп өтініш тапсырғаныңызбен, адамның көптігінен ол қаралмай қалуы да мүмкін. Бəсекелестік өте жоғары. Университет бітірген кезде мені 20-ға жуық компания жұмысқа шақырған болатын. Содан ойлана келе бір жұмыс орнына түйіндеме тапсырғанмын. Күндердің күнінде «National Oilwell Varco» (NOV) мұнай компаниясынан хабарласып, қызметке шақырды. Оның кеңсесі мен тұрған үйден бес минут жерде орналасқан екен. Содан жолым болғанына қатты қуандым. «NOV» компаниясындағы IT инженерлер бұрын электрик, механик болып қызмет еткен мамандар. Мұндай тəжірибелі жандар саланы одан əрі дамыта түсетіні белгілі. Ол компанияда екі жылға жуық жұмыс істеп, саланы жетік меңгеріп алдым. Кейін жүйелерді басқарып отыратын маманның орнына мені тағайындап, кейін жоба менеджері қасына көмекші етіп алды. Өміріме азық болар көп нəрсе үйрендім. Жолым болды.
– «Google» компаниясына жұмысқа тұру үшін бірнеше іріктеу сатыларынан өттіңіз бе? Қазіргі таңда жұмысыңыз қалай жүріп жатыр?
– Негізі «NOV» компаниясында жұмыс істей бергім келген. Өйткені, ол жақта жұмысқа орналасу өте қиын. «Google» компаниясына жұмысқа тұру үшін АҚШ-тың өзінен 3 миллионнан астам адам өтініш тапсырады. Оның ішінен 6-7 мыңын ғана қызметке қабылдайды. Ол жерге IT саласының мамандары ғана емес, басқа да салалар бойынша қызметкерлер жұмысқа алынады. Т а н ы м а л « L i n k e d I n » əлеуметтік желісіне еңбек тəжірибемді, мəліметтерімді жариялап жүретінмін. СанФ р а н ц и с ко қ а л а с ы н д а ғ ы «Google» компаниясының өкілі бос вакансияға іріктеуден өтуге шақырды. Компанияға жұмысқа қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Еңбек тəжірибеңіз, жеке басыңыз жөнінде сұрайды. Те л е ф о н а р қ ы л ы с ұ хб а т жүргізеді. Ол жерде тапсырма береді. Тапсырманы бір сағаттың ішінде орындау талап етіледі. Күні бойына 5 сұхбат жасайды, оның əрқайсысы бір сағатқа созылады. Мамандығыңды беске білгеніңмен, адамдармен қарым-қатынасың төмен, мінез-құлқың тұрақсыз болс а « G o o g l e » – г е ж ұ м ы с қ а қабылдамайды. Логикалық тұрғыда ойландыратын сұрақтар қояды. Кейін жұмысқа арнайы комитеттің қабылдайтынын а й т т ы . А қ т ы қ с ұ хб а т т ы дұрыс жасаған секілді едім, бірақ комитеттің шешімімен компанияға қабылдамай қойды. Содан келесі жылы хабарласуымды сұраған. Мен қайта өтініш тапсыруға бел будым. Жұмысқа тұрудың тəртібі бойынша іріктеуден өте бастадым. Осылайша «Google» ко м п а н и я с ы н ы ң б а р л ы қ сынақт арынан сəтті өтіп, таңдауды компанияның өзіне қа лдырдым. Сол уақытт а «Tesla», «Amazon», «Booking», «Facebook» секілді басқа да компаниялардан ұсыныстар түсіп жатты. Көп кешікпей «Google» компаниясынан хабарласып, маған бірге жұмыс істейтін топ іздеп жатқандығын, компанияға қабылданғандығымды айтты. Бір аптадан кейін төрт топтың ішінен «YouTube» каналының функциясымен жұмыс істейтін топты таңдадым.
– Компаниядағы атқаратын қызметіңіз туралы айтсаңыз?
– Менің тобым «YouTube» каналындағы жазба (post) мен сторис (stories) функциясына жауап береміз. Қолданушылардың каналды қолданған кезде заңға қайшы, бұзықтыққа шақыратын видеоларды анықтап, таралуына жол бермейміз. Айталық, «YouTube» каналында от шашатын дүниені қалай жасау керектігін үйретіп, денсаулыққа зиян келтіретін бейнелерді, суреттерді насихаттайтындар болады, солардың барлығы талданады. «YouTube»-та тек мəтін емес, жүктелген суреттер мен видеолар да зерделенеді. Мысалы, есірткі жасау АҚШ-та өте сирек кездеседі. Есірткі жасырылған видеоны жасыл түске бояп, оның ішіне бірнеше бейнені кірістіріп, өңін айналдырып жүктесе де «YouTube»-тағы алгоритм бойынша əрқайсысын 4-5 бөлікке бөліп тастап, жеке-жеке тексере алады.
– Данияр, уақыт тауып, сұхбаттасқаныңызға рахмет! Алдағы бастамаларыңызға сəттілік тілеймін!